---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/toqaev-awghanstan-prezidentin-qazaqstangha-shaqyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Ауғанстан президентін Қазақстанға шақырды

![Тоқаев Ауғанстан президентін Қазақстанға шақырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/cc37a136fb782e33c6217b68744d0349.jpg)

**Мемлекет басшысы Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Қазақстан мен Ауғанстан басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешек перспективаларын талқылады.

Ауғанстан Президенті Қазақстанның ауған ішіндегі диалогты тұрақты түрде қолдап, еліміздің кең көлемде экономикалық көмек көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Ауғанстанға алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсете беретінін растады. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру жөніндегі халықаралық және аймақтық форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанмен арадағы жан-жақты байланыстарды жандандыру мақсатында ерекше тапсырмалар бойынша елші дәрежесіндегі арнайы өкіл институты құрылғанын атап өтті. Осы жылдың бірінші жартысында Қазақстанға үкіметтік делегация келеді. Президенттер осы кездесу барысында нақты мәселелер мен ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бойынша диалогты одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаласты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниді үкіметтік делегациялар жасайтын келіссөздердің нәтижелерін бекіту және Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара іс-қимылдың келешегін талқылау үшін елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

---

Жарияланды: 2021-02-10T13:40:11+06:00

Жаңартылды: 2021-02-10T13:40:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/toqaev-awghanstan-prezidentin-qazaqstangha-shaqyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.