---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/qostanaj-oblysynda-zhasyryn-kazino-ujymdastyrghandar-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанай облысында жасырын казино ұйымдастырғандар ұсталды

![Қостанай облысында жасырын казино ұйымдастырғандар ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/kazinov.jpg)

**Қостанай облысының спорт-барларының бірінде жасырын казиноның заңсыз қызметі анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қостанай облысының экономикалық тергеу департамент қызметкерлері «STOP-ойын» жедел алдын алу шарасы аясында Қостанай қаласының спорт барларын тексерді. Тексеру барысында арнайы ойын жабдықтарын қолданып, жасырын казино ұйымдастырғандар әшкереленді.

Қазіргі уақытта құмар ойындарын өткізгендерге қатысты ҚР ҚК 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, әзірге тергеу жүргізіліп жатқандықтан басқа деректер құпия сақталады.

---

Жарияланды: 2021-02-10T10:09:01+06:00

Жаңартылды: 2021-02-10T10:09:01+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/qostanaj-oblysynda-zhasyryn-kazino-ujymdastyrghandar-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.