Қостанай облысында жасырын казино ұйымдастырғандар ұсталды

Қостанай облысында жасырын казино ұйымдастырғандар ұсталды

Қостанай облысының спорт-барларының бірінде жасырын казиноның заңсыз қызметі анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қостанай облысының экономикалық тергеу департамент қызметкерлері «STOP-ойын» жедел алдын алу шарасы аясында Қостанай қаласының спорт барларын тексерді. Тексеру барысында арнайы ойын жабдықтарын қолданып, жасырын казино ұйымдастырғандар әшкереленді.

Қазіргі уақытта құмар ойындарын өткізгендерге қатысты ҚР ҚК 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, әзірге тергеу жүргізіліп жатқандықтан басқа деректер құпия сақталады.