---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/engbektewge-maezhbuer-bolghan-muegedekting-videosynan-kejin-qazposhta-boelimsheleri-tekseriledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Еңбектеуге мәжбүр болған мүгедектің видеосынан кейін «Қазпошта» бөлімшелері тексеріледі

![Еңбектеуге мәжбүр болған мүгедектің видеосынан кейін «Қазпошта» бөлімшелері тексеріледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78161.jpeg)

**Сәлемдемесін алу үшін еңбектеуге мәжбүр болған мүгедектің видеосынан кейін Nur Otan партиясы «Қазпошта» АҚ-ның Қарағанды облысындағы барлық бөлімшесін тексереді, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz-****ке сілтеме жасап. **

Бұған дейін Қарағандыда пандустың жоқтығынан «Қазпошта» ғимаратына кіре алмай, баспалдақпен еңбектеуіне тура келгені мүмкіндігі шектеулі ер адамның видеосы қазақстандықтарды ашуландырған болатын.

> «Қарағанды облысында мүгедектер арбасындағы ер адамның пандустың жоқтығынан «Қазпошта» бөлімшесіне кіре алмайғаны қоғамда қызу талқылаған еді. Осы жағдайдан кейін облыстық комиссия пошта желісінің барлық филиалдарында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін ыңғайлы көтерілетін орынның бар-жоғын тексеру туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Желіде видео жарияланғаннан кейін «Қазпошта» АҚ ролик авторымен байланысқа шыққан болатын. Компанияның баспасөз қызметіндегілер тексеріс болып, бөлімшедегі кіреберіс аумағының талапқа сай емес екені растаған. Сондай-ақ, компания Қарағанды ​​филиалының қызметкері мүгедектер мен қарттар үшінен сенімхат ұсынған әлеуметтік қызметкерге мүмкіндігі шектеулі адамның сәлемдемесін неге бермегенін түсіндірді.

---

Жарияланды: 2021-02-10T13:34:12+06:00

Жаңартылды: 2021-02-10T13:34:12+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/engbektewge-maezhbuer-bolghan-muegedekting-videosynan-kejin-qazposhta-boelimsheleri-tekseriledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.