---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/densawlyq-ministri-kovidke-qarsy-nege-ekpe-saldyrmaj-zhuergenin-tuesindirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Денсаулық министрі ковидке қарсы неге екпе салдырмай жүргенін түсіндірді

![Денсаулық министрі ковидке қарсы неге екпе салдырмай жүргенін түсіндірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/13d60cff948702a47675543a77083bf0.jpg)

**ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazCovid-In — қазақстандық вакцинасын күтіп жүргенін, отандық өнімді қолдау туралы шешім қабылдағанын айтты**, **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап. **

Ол QazCovid-In — қазақстандық вакцинасының клиникалық сынақтарының соңғы кезеңі жүріп жатқанын айтты.

> — Бұл — инактивті вакцина, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдері біздің ерекше бақылауымызда. Денсаулық сақтау министрі ретінде мен қазақстандық вакцинаны қолданғым келді. Ол өндіріске шыққан кезде оны алғашқылардың бірі болып ектіремін, — деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингіде.

1 ақпанда Қазақстан ресейлік Sputnik V вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқанын бастап кетті. Денсаулық сақтау вице-министрлері мен санитарлық дәрігерлер вакцина салдырып үлгерді.

Жалпы, қазірдің өзінде 13 301 медицина қызметкері екпе алды.

---

Жарияланды: 2021-02-10T12:42:06+06:00

Жаңартылды: 2021-02-10T12:42:06+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/densawlyq-ministri-kovidke-qarsy-nege-ekpe-saldyrmaj-zhuergenin-tuesindirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.