---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/almatyda-zhol-apatynan-toert-adam-zardap-shekti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

![Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210118200829539a3742483i.jpg)

**Алматы қаласында бірнеше көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «23.45 шамасында «Mitsubishi» маркалы автокөлікті айдап келе жатқан А. есімді азамат, Солтүстік Айналма көшесінде солтүстік бағытта және Московина көшесінен оңтүстікке қарай жүріп келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан оңтүстік бағытта М. есімді азамат айдап келе жатқан «Ravon» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
> 
> 
> 
> 
> Соққының күшімен «Ravon» автокөлігі Солтүстік Айналма көшесінде оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан «Toyota Camry» және «Toyota Carina» автокөліктеріне барып соғысқан», — деп хабарлады Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының басшысы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

Айта кетсек, жол апатынан төрт адам зардап шегіп, бірден ауруханаға жеткізілді.

---

Жарияланды: 2021-02-10T08:37:55+06:00

Жаңартылды: 2021-02-10T08:37:55+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/10/almatyda-zhol-apatynan-toert-adam-zardap-shekti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.