---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/09/prezident-bilim-zhaene-ghylym-ministrin-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Президент Білім және ғылым министрін қабылдады

![Президент Білім және ғылым министрін қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/150b5a76473515bc1958c4e3646b9c0e.jpg)

**Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдауда, сондай-ақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берілді.

Асхат Аймағамбетов Президентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды белсенді іске асырып жатқаны, мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артқаны туралы баяндады. Биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысына пандемия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін толықтыру үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ, балаларға қолайлы орта қалыптастыру және «Кітап оқитын мектеп» жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берілді.

Кездесуде балалардың құқықтарын қорғау, отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту, жоғары білім беру сапасын арттыру, академиялық еркіндікті қамтамасыз ету және оқу орындарын одан әрі оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Қазақстанның білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді.

 

---

Жарияланды: 2021-02-09T14:45:51+06:00

Жаңартылды: 2021-02-09T14:45:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/09/prezident-bilim-zhaene-ghylym-ministrin-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.