---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/09/almatyda-eks-prokwror-men-bank-top-menedzheri-zorlyq-zhasaghany-ueshin-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда экс-прокурор мен банк топ-менеджері зорлық жасағаны үшін сотталды

![Алматыда экс-прокурор мен банк топ-менеджері зорлық жасағаны үшін сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/sud-750x437-1-750x375-1.jpg)

**Алматыда экс-прокурор мен банк топ-менеджеріне зорлау ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Материалдар №2 Бостандық аудандық сотында қаралды.

> — Сот К. Алиқұл мен Т. Тлембаевты кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — деді судья.

Судья жәбірленушіге келтірілген 546 838 теңге мөлшеріндегі материалдық залалды ішінара бірлесіп төлеуге рұқсат берді. Сотталғандар жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін де үш миллион теңгені бірлесіп төлеуі тиіс.

Үкімге 15 тәулік ішінде шағымдануға болады.

Еске салайық, іс сотқа 2020 жылдың жазында түскен болатын.

Зорлау 2019 жылы 7-8 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданында болған. Адвокаттың айтуынша, жігіт қызды жалғыз боламыз деп алдап, өзіне шақырған. Алайда кейінірек жәбірленуші пәтерде бөтен мас адамдар бар екенін көрген.

> — Жігіт жанжал шығарып, қызды ұра бастаған, содан кейін оған достары да қосылады. Қызды қорлай бастайды. Екі күдікті жәбірленушіні таңғы алтыға дейін зорлаған. Екі бап бойынша іс сотқа берілді. Кейін олардың бірі прокуратураның бұрынғы қызметкері, екінші күдікті — банк топ-менеджері екені белгілі болды, — деген сол кезде адвокат Жанна Оразбахова.

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер күдікті 2012 жылы органдардан кеткенін атап өткен.

---

Жарияланды: 2021-02-09T10:38:56+06:00

Жаңартылды: 2021-02-09T10:38:56+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/09/almatyda-eks-prokwror-men-bank-top-menedzheri-zorlyq-zhasaghany-ueshin-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.