---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/vannada-bosanyp-qalghan-astanalyq-kelinshek-balasyn-tunshyqtyryp-oeltirgen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ваннада босанып қалған астаналық келіншек баласын тұншықтырып өлтірген

![Ваннада босанып қалған астаналық келіншек баласын тұншықтырып өлтірген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/2021020817571778807_bala-l-m.jpg)

**Нұр-Сұлтанда жаңа туған сәбиді буындырып өлтірген әйелге қатысты сот үкім шығарды**, **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап. **

Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарланғандай, былтыр 22 тамызда сотталушы пәтерінде бала туып, оны буындырып өлтірген.

> — Сот С.-ның іс-әрекеттерін босанғаннан кейін психологиялық қысымның салдарынан үрей жағдайында анасының жаңа туған баласын өлтіру (ҚР ҚК 100-бабы) деп бағалады, өйткені ол ванна бөлмесінде өз-өзін босандырған, ал бұл кезде келесі бөлмеде ағасы, жеңгесі мен шешесі болған. Бұл жағдай сот-психологиялық және психиатриялық сараптаманың қорытындысымен және сарапшының айғақтарымен расталды, — дейді сот.

Сотталушының орташа ауырлықтағы қылмыс жасағанын, өкінгенін, сондай-ақ оның денсаулық жағдайын (қант диабеті 1 дәрежелі, семіздік — 140 келі) ескере отырып, сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу тұрғысында жаза тағайындады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабына сәйкес, 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Жеңілдететін мән-жайлар болған кезде сот ең көп мерзімінің жартысынан көбін, яғни 2 жылдан астам мерзімге жаза тағайындай алады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

---

Жарияланды: 2021-02-08T14:46:22+06:00

Жаңартылды: 2021-02-08T14:46:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/vannada-bosanyp-qalghan-astanalyq-kelinshek-balasyn-tunshyqtyryp-oeltirgen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.