---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/memleketaralyq-izdewde-zhuergen-resejlik-qylmysker-nur-sultannan-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік қылмыскер Нұр-Сұлтаннан ұсталды

![Мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік қылмыскер Нұр-Сұлтаннан ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/bez-nazvaniya.jpg)

**Ресей Федерациясының 58 жастағы азаматы «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Күдікті 2006 жылы телефон арқылы зорлық-зомбылық көрсетем деп қорқытып, Ресей азаматынан үлкен мөлшерде ақша талап еткен.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Омбы облысының ІІБ осы дерек бойынша РФ ҚК 330-бабымен қылмыстық іс қозғаған.

2019 жылдың 28 ақпанынан бастап бұл азаматқа мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Елорда көшелері мен қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елорда аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы өткізілді.

Полиция қызметкерлері шетел азаматтары заңсыз жүруі мүмкін орындарды, құрылыс нысандарын, адам көп жиналатын жерлерді тексеріп жатыр.

Шара басталғаннан бері шетелдік азаматтардың Қазақстанда жүріп-тұру ережесін бұзудың 150-ден астам фактісі анықталды, халықаралық іздеуде жүрген үш шетелдік азамат ұсталды.

---

Жарияланды: 2021-02-08T11:21:30+06:00

Жаңартылды: 2021-02-08T11:21:30+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/memleketaralyq-izdewde-zhuergen-resejlik-qylmysker-nur-sultannan-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.