---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/almatyda-policiya-qyzmetkerlerinen-turatyn-qylmystyq-top-quryqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда полиция қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ құрықталды

![Алматыда полиция қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ құрықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo-310180-1.jpeg)

**Алматы қаласының қазіргі және бұрынғы полиция қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы брифингте ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Саданов мәлімдеді.

> — Біздің ақпараттық қауіпсіздік саласында әзірленген жедел іс-қимылға арналған дүниелер елімізде бұрын-соңды болмаған. Бұл жолы Алматы қалалық полиция департаментінің бұрынғы және қазіргі полиция қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ ұсталды. Олар қарапайым азаматтардың арағайындық етуімен ведомстволық ақпараттық базадағы мәліметтерді сатуды кәсіпке айналдырған. Жеке деректер үшінші тұлғалардың қолына осылайша өтіп отырған, — деді Саданов.

Ол осы бизнеспен айналысқан екі полиция қызметкері, бұрынғы үш полиция қызметкері және бір жеке тұлға сотталғанын айтты.

> — Олардың тікелей басшыларына қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылудан бастап қызметінен босатуға дейінгі жазалар қолданылды, — деп сөзін қорытындылады Ішкі қауіпсіздігі бөлімінің бастығы.

---

Жарияланды: 2021-02-08T09:21:29+06:00

Жаңартылды: 2021-02-08T09:21:29+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/almatyda-policiya-qyzmetkerlerinen-turatyn-qylmystyq-top-quryqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.