---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/almatyda-aertister-men-blogerler-qatysqan-eki-tojdyng-videosy-tekserilip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда әртістер мен блогерлер қатысқан екі тойдың видеосы тексеріліп жатыр

![Алматыда әртістер мен блогерлер қатысқан екі тойдың видеосы тексеріліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78039.jpeg)

**Алматыда демалыс күндері әртістер мен блогерлер қатысқан екі той өтті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазақстандық жұлдыздардың видеосын тексеріп жатыр.

Демалыс күндері желі қолданушылары Instagram-да Stories-тен екі үлкен іс-шараны тамашалады. Солардың бірін Super.mamasita атымен танымал блогер Әлия Байтұғаева өткізді. Кадрлардан туған күн мерекесіне басқа да қазақстандық блогерлер, актрисалар мен әншілер келгенін көруге болады.

Екінші іс-шараны, видеоларға қарағанда, «МузАРТ» солисі Кенжебек Жанәбілов ұйымдастырған. Кадрлардан қазақстандық шоу-бизнестің басқа да өкілдерін көруге болады. Мысалы, Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев. Іс-шараға қазақстандық палуан әрі мәслихат депутаты Бейбіт Ыстыбаев та барған.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері видеолар зерттеліп жатқанын хабарлады.

> — Сіздердің сұрауыңызға бұл видеолар іс-шара өткізілген орын мен уақытты анықтай отырып зерттеліп жатқанын хабарлаймыз. Тексеру қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданады, — деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

<https://youtu.be/HqUairDi-mw>

 

---

Жарияланды: 2021-02-08T09:15:25+06:00

Жаңартылды: 2021-02-08T09:15:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/almatyda-aertister-men-blogerler-qatysqan-eki-tojdyng-videosy-tekserilip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.