---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/almaty-oblysyndaghy-karantin-bojynsha-zhanga-qawly-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысындағы карантин бойынша жаңа қаулы жарияланды

![Алматы облысындағы карантин бойынша жаңа қаулы жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_75722.jpeg)

**Алматы облысында өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің тағы бір қаулысы шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Алматы облысында карантин жалғасып жатыр. 50-ден аса орынға арналған қоғамдық тамақтандыру нысандары, кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі ұйымдар, ойын-сауық нысандары, бассейндердің қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ, санитар дәрігер бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамның бірге жүруіне тыйым салып, және 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойды.

Қабылданған құжатқа сәйкес, 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап бірқатар шектеу шарасы жеңілдейді.

> — Діни нысандардың қызметіне, мешіттерде намаз оқуға (бес намаз) рұқсат етіледі, бірақ 30 пайызға толмай, 100 адамнан көп құлшылық етуге болмайды. Намазды тек ауылдық жерлерде, 150 адамға дейінгі мешіттерде оқуға рұқсат етіледі, бірақ сыйымдылығы 25 пайыздан аспауы керек. Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) қызметіне 50 пайыз сыйымдылықпен рұқсат беріледі, бірақ 50 орыннан аспауы қажет, — делінген құжатта.

Қаулыда тамақтану объектілерінің жұмыс кестесі белгіленген. Сонымен қатар, сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда нысандарының, сондай-ақ моншалардың, сауналардың, спа-орталықтардың жұмысына белгілі бір жағдайларда рұқсат берілетіні айтылған.

---

Жарияланды: 2021-02-08T14:41:18+06:00

Жаңартылды: 2021-02-08T14:41:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/08/almaty-oblysyndaghy-karantin-bojynsha-zhanga-qawly-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.