---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/07/pavlodarda-oertengen-uejden-koershisi-eki-adamdy-alyp-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодарда өртенген үйден көршісі екі адамды алып шықты

![Павлодарда өртенген үйден көршісі екі адамды алып шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/210207180601081e.jpg)

**Павлодарда өрт кезінде анасы мен қызы зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqpress Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.**

Оқиға орнында жеке құрамнан 15 адам және 4 техника, апаттар медицинасы орталығы, «102», «103» қызметтері жұмыс істеді.

> *— 7 ақпанда 9 сағат 19 минутта «Ертіс» бағбаншылығында Лимонная көшесі, 7 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түсті. Төрт бөлмелі кірпіш тұрғын үйде  шатырдың ағаш құрылымдары, жиһаз бен үй заттарының жалпы алаңы 45 шаршы метрде жанған.  Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршісі үйдің иесін, 1934 жылы туған әйелді құтқарған. Өрт кезінде 1963 жылы туған қызы қарт анасын үйдің табалдырығына дейін сүреп әкелген, — дейді Павлодар қаласы ТЖ басқармасының офицері Сабыржан Тастембеков.*

Апаттар медицинасы орталығының бригадасымен № 3 Павлодар қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді және ауыр дәрежедегі жану өнімдерімен улану диагнозымен жатқызылды, жағдайы ауыр.

Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем бригадасы үй иесінің қызын № 1 Павлодар қалалық ауруханасының терапия бөлімшесіне жатқызды. Ол  үйден өзі шыққан.  Орташа дәрежелі жану өнімдерімен улану диагнозы қойылды, жағдайы қанағаттанарлық.

Өрт 9 сағат 56 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын  көлемі анықталуда.

---

Жарияланды: 2021-02-07T16:15:46+06:00

Жаңартылды: 2021-02-07T16:15:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/07/pavlodarda-oertengen-uejden-koershisi-eki-adamdy-alyp-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.