---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/07/nur-sultanda-utys-ojynynyng-saldarynan-uzyn-sonar-keptelis-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынының салдарынан ұзын-сонар кептеліс болды

![Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынының салдарынан ұзын-сонар кептеліс болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/210207185627313a3750337i.jpg)

**Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынының кесірінен ұзын-сонар кептеліс болды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Әлеуметтік желіде бір топ адамның гүл сататын дүкенде жиналып, ұтыс ойынына қатысып жатқаны туралы видео тарады.

Алайда артынша ұйымдастырушылар ұтыс ойынын тоқтатып, адамдардың тарауын сұраған.

> — Адам көп жиналғандықтан аппаратураларда техникалық ақау болды. Өкінішке қарай, ұтыс ойынын жалғастыра алмадық. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Ұтыс ойыны міндетті түрде болады. Шарттарын жақын арада түсіндіреміз, — деді ұйымдастырушылар.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жағдайға түсініктеме берді.

> — 2021 жылы 7 ақпанда Есіл ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі мамандарының мониторингтік тобы Нұр-Сұлтан қаласында екі мыңнан аса адам жаппай іс-шара өткізіп, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қолданыстағы қаулысының бұзылу дерегін анықтады (гүл дүкенін ашылуына байланысты ұтыс ойнату), — деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ержан Байтанаев үйлестіру орталығының мәліметіне сәйкес, Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жоспардан тыс тексеріс жасағанын хабарлады.

> — Тексеру барысында заңбұзушылық дерегі расталды және кәсіпкерлік субъектісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының, 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылдау үшін 8 ақпанда басқармаға келу туралы шақыру қағазы берілді. Жоспардан тыс тексеру барысында нысан әкімшілігімен және ұтыс ойынына қатысушылармен қаулы талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деді Байтанаев.

---

Жарияланды: 2021-02-07T13:44:14+06:00

Жаңартылды: 2021-02-07T13:44:14+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/07/nur-sultanda-utys-ojynynyng-saldarynan-uzyn-sonar-keptelis-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.