---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/07/elimizding-8-oengirinde-zhol-zhabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Еліміздің 8 өңірінде жол жабылды

![Еліміздің 8 өңірінде жол жабылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201220194618290a3732070i.jpg)

**Еліміздің сегіз өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

> «Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», — деді Талғат Уәли.

Министрлік өкілі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырды.

> «Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн», — делінген министрлік хабарламасында.

---

Жарияланды: 2021-02-07T07:59:09+06:00

Жаңартылды: 2021-02-07T07:59:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/07/elimizding-8-oengirinde-zhol-zhabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.