---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/06/shqo-turghyny-qazaqstandyqtardy-10-million-tenggege-aldaghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО тұрғыны қазақстандықтарды 10 миллион теңгеге алдаған

![ШҚО тұрғыны қазақстандықтарды 10 миллион теңгеге алдаған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/n47316_92733-750x500-1.jpg)

**Қарағанды облысында 18 қазақстандықты 10 миллион теңгеге алдап кеткен Өскемен тұрғыны ұсталды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Полиция қызметі қаңтарда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне алаяқтардың құрбаны болған азаматтардан өтініш түскенін хабарлады.

Әйел адам мобильді қосымша арқылы жәбірленушілермен байланысып, оларға пайдалы бизнеске қаражат салуды ұсынған. Сонымен қатар, қаржыны қаншалықты ерте салса, соншалықты тез қайтаратынын айтып сендірген. Мысалы «бүгін он мың теңге берсе, ертең жиырма мың теңге таза пайда алады».

Алданғанын түсінген кезде азаматтар полицияға жүгінген. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық тергеу жүргізілді. Құқық қорғау органдары тергеу нәтижесінде көп ұзамай күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

> «Әйел адамды криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның бір схемамен 18 алайықтық жасағаны анықталды. Оған Сәтбаевтың ғана емес, Нұр-Сұлтан тұрғындары да ілікті. Оның келтірген залалының жалпы сомасы 10 миллион теңге», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2021-02-05T20:50:41+06:00

Жаңартылды: 2021-02-05T20:50:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/06/shqo-turghyny-qazaqstandyqtardy-10-million-tenggege-aldaghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.