---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/06/oralda-2-koelik-soqtyghysyp-birneshe-adam-awrwhanagha-zhetkizildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда 2 көлік соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

![Оралда 2 көлік соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/2102061230229900g.jpg)

**Оралда екі автокөлік соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін шамамен сағат 08.15-те Зачаган кентінде Саратов жолы бойында «Конденсат» жанар-жағар май стансасы тұсында болды.

Matiz бен Volkswagen маркалы автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан Volkswagen автокөлігінде отырған үш жолаушы мен Matiz жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша жолдың көктайғақ болуына және нашар бөлігіне байланысты Matiz автокөлігі қарсы бетке шығып кеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, миы шайқалған деген күдікпен 11 жасар ер бала мен маңдай тұсы көгерген16 жасар қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қабырғасы сынған 1960 жылғы және миы шайқалған деген күдікпен 1990 жылғы әйелдер қалалық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. 1960 және 1989 жылғы ер адамдар ауруханаға жатудан бас тартты.

---

Жарияланды: 2021-02-06T08:09:31+06:00

Жаңартылды: 2021-02-06T08:09:31+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/06/oralda-2-koelik-soqtyghysyp-birneshe-adam-awrwhanagha-zhetkizildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.