---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/05/toqaev-eqqdb-prezidenti-odil-reno-bassomen-kezdesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев ЕҚҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

![Тоқаев ЕҚҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/540b7519eb73e4487e965fb9113cee78-sm.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.**

Онлайн форматта өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны Еуропалық қайта құру және даму банкіне президент болып сайлануымен құттықтады.

Президент Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі деп бағалап, екіжақты ынтымақтастық жылдарында аталған институт ел экономикасына 9 миллиард доллардан астам инвестиция салғанын атап өтті. Банк Еуропа мен Азияның нарық реформаларын және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауда маңызды рөл атқарды.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкі ел экономикасының басым бағыттарын айтарлықтай дамытуға септігін тигізеді деп санайтынын жеткізді. Әңгімелесу барысында ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, атап айтқанда, автомобиль жолдарын салу, жаңартылған энергия көздерін дамыту, Қазақстандағы гидроэнергетика мәселелері талқыланды.

Одиль Рено-Бассо COVID‑19 пандемиясының ғаламдық нарыққа және Қазақстан экономикасына тигізетін әсері жайындағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің болжамымен және бағдарымен бөлісті. Оның айтуынша, банк Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастық орнатуға және энергетика, инфрақұрылым, инвестиция салалары бойынша жобаларды белсенді дамытуға дайын.

---

Жарияланды: 2021-02-05T12:42:03+06:00

Жаңартылды: 2021-02-05T12:42:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/05/toqaev-eqqdb-prezidenti-odil-reno-bassomen-kezdesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.