---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/05/mamin-almatyda-resej-uekimetining-toeraghasy-mishwstinmen-kezdesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мамин Алматыда Ресей үкіметінің төрағасы Мишустинмен кездесті

![Мамин Алматыда Ресей үкіметінің төрағасы Мишустинмен кездесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/murz3146.jpg)

**ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына және Digital Almaty форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqpress Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.**

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика, көлік-логистикалық, геологиялық, әскери-техникалық салалардағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларға және екі елдің экономикасы үшін пандемия зардаптарын, оның ішінде экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын дайындау және іске асыру жолымен жоюға ерекше назар аударылды.

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2020 жылы екіжақты тауар айналымы $18 млрд асты.

---

Жарияланды: 2021-02-05T09:13:14+06:00

Жаңартылды: 2021-02-05T09:13:14+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/05/mamin-almatyda-resej-uekimetining-toeraghasy-mishwstinmen-kezdesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.