---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/04/taldyqorghanda-karantin-rezhimi-kueshejtildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Талдықорғанда карантин режимі күшейтілді

![Талдықорғанда карантин режимі күшейтілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/9650521.jpg)

**Талдықорған қаласының бас санитариялық дәрігері Ермек Әсімқұлов Талдықорған қаласы аумағында карантин режимін күшейту және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы Қаулы шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Талдықорған қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімі бойынша карантин режимі және кейбір шектеу шаралары енгізілсін. Covid-19-дың таралуына және эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин режимі мен мерзімдері өзгертілуі мүмкін», — делінген Қаулыда.

Қаулыда жазылғандай қашықтықтағы форматта техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білім беретін мектептер мен ұйымдарда онлайн режимде оқыту мерзімі ұзартылады.

> «65 жастан асқан азаматтар үшін көшеге шығуға қатаң тыйым салынады. Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда нысандары адам сыйымдылығы 30%-дан аспауы керек, жұмыс уақыты күндізгі сағат 10:00-ден түнгі 22:00-ге дейін, жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынады», — делінген құжатта.

---

Жарияланды: 2021-02-04T17:42:40+06:00

Жаңартылды: 2021-02-04T17:42:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/04/taldyqorghanda-karantin-rezhimi-kueshejtildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.