---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/04/shymkentte-karantin-rezhimi-sozyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте карантин режимі созылды

![Шымкентте карантин режимі созылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/3uddlu8iicu.jpg)

**Шымкент бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Шымкент қаласында карантин режимі 8 ақпаннан 22 ақпанға дейін созылады.

> — Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 8 ақпан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын, — делінген қаулыда.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шаралар, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі. Тұрғындарға кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға және маска тағу ұсынылды.

---

Жарияланды: 2021-02-04T13:21:16+06:00

Жаңартылды: 2021-02-04T13:21:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/04/shymkentte-karantin-rezhimi-sozyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.