---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/04/12-qazaqstandyq-siriyadan-oraldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 12 қазақстандық Сириядан оралды

![12 қазақстандық Сириядан оралды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/2021020415284433720_zhusan.jpg)

**Сириядан бір топ қазақстандық азамат отанына оралды**, **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен Сириядан бір топ қазақстандық азаматтарды елге қайтару операциясын өткізді.

Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Жусан» операциясының жалғасы болды.

---

Жарияланды: 2021-02-04T13:25:04+06:00

Жаңартылды: 2021-02-04T13:25:04+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/04/12-qazaqstandyq-siriyadan-oraldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.