---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/03/pavlodarda-antiseptik-ishken-qyzdardyng-biri-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодарда антисептик ішкен қыздардың бірі көз жұмды

![Павлодарда антисептик ішкен қыздардың бірі көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020121410140964471_2020121409582057919_hospital.jpg)

**Павлодарда антисептик ішкен қыздардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.**

Қалған екі қыз ауруханадан жазылып шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 2 қаңтар күні сағат 18:30-да облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 2003 жылы туған қыз бала жеткізілген. Ол «Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан» ес-түссіз күйде жеткізілді.

> *— Қыз бала белгісіз заттың улы әсері диагнозымен түсті. Бас миының ісінуімен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті терапия басталды. Жасалған емдеу шараларына қарамастан сағат 20:00-де жүрегі тоқтады. 30 минуттық жансақтау әрекеттері нәтиже бермеді, — деді басқармада.*

2004 жылы туған тағы 2 қыз бала сол күні сағат 21:40-та ауруханаға улану диагнозымен орташа күйде түскен.

> *— Пациенттерге толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Екеуі де 14 қаңтар күні стационардан шығарылды. Шығарылған кезде жағдайлары қанағаттанарлық болды. Тәбеттері жақсы, өздерін жақсы сезінді, — деді басқармада. *

Басқарманың хабарлауынша, қыздар 1 қаңтар күні кешкі сағат 20:30 шамасында 2,5 стақан «Антисептик — МД-1» затын сумен араластырып ішкендерін айтқан.

> *— Қыздардың айтуынша, түнді тыныш өткізген. Ештеңе мазаламаған. Алайда, таң атысымен жүректері айнып, көп рет құсу басталған. Орталықтың медициналық қызметкерлері мен тәрбиешілері бұл оқиға туралы білмеген. 2 қаңтар күні сағат 20:30-дан кейін қыздар өз істерін мойындап, жедел жәрдем шақырған, — деді басқармада.*

---

Жарияланды: 2021-02-03T11:28:11+06:00

Жаңартылды: 2021-02-03T11:30:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/03/pavlodarda-antiseptik-ishken-qyzdardyng-biri-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.