---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/03/bekshinning-vakcinaciyadan-kejingi-zhaghdajy-belgili-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бекшиннің вакцинациядан кейінгі жағдайы белгілі болды

![Бекшиннің вакцинациядан кейінгі жағдайы белгілі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/ut1ym96h.png)

**Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровта та вакцина алды. Олардың екпеден кейінгі жағдайы белгілі болды.

Жандарбек Бекшиннің жағдайын Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

> «Жандарбек Бекшин денсаулығының жақсы екенін айтып, халықты екпе салдыруға шақырды. Ол вакцина салған күні сағат 22.00-ге дейін және сейсенбіде сол режимде жұмыс істеді. Вакцинациядан кейін шағым, күтпеген әсер байқалмады», — деді ведомствадағылар.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі Ержан Бабақұмаровтың да жағдайы жақсы екенін хабарлады.

> «Ержан Бабақұмаров жұмыс орнында, денсаулығы қалыпты», — деп атап өтті әкімдіктегілер.

Айта ​кетейік, Жандарбек Бекшин мен Ержан Бабақұмаров 1 ақпанда екпе салдырды. Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов та коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, екпеден кейінгі жағдайын айтқан болатын.

---

Жарияланды: 2021-02-03T14:52:11+06:00

Жаңартылды: 2021-02-03T14:52:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/03/bekshinning-vakcinaciyadan-kejingi-zhaghdajy-belgili-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.