---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/02/majguel-omarova-37-mln-tengge-paramen-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Майгүл Омарова 37 млн.теңге парамен ұсталды

![Майгүл Омарова 37 млн.теңге парамен ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/2021020223032698664_15696859-1f18-4737-9ce5-210e3f6002a4.jpg)

**2021 жылдың 2 ақпанында Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен білім саласындағы өңірлік ақпараттық технологиялар ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Арапби Меңлібаев ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап. **

Сонымен қатар, бұл істе Алматы облыстық білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Бақыт Абдолданованың есімі аталады.

Аталған үшеу пандемия кезінде мектеп оқушылары үшін қашықтан оқытуға қажетті 2522 ноутбукты мемлекеттік сатып алудан пайда көрген. Жалпы сомасы 406 млн теңгеге бірнеше жеке кәсіпкермен келісім жасаған.

Омарова, Меңлібаев және Абдолданова жеке-жеке тергеу абақтысына қамалып, олардан 37 650 000 теңге тәркіленді. Бұл қаражатты басқарма басшылары тендер ұтқан компаниялардан пара ретінде алған.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-02-02T17:10:31+06:00

Жаңартылды: 2021-02-02T17:10:31+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/), [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/02/majguel-omarova-37-mln-tengge-paramen-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.