---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/02/almaty-ortalyghynda-koelik-zhww-nysany-suerildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы орталығында көлік жуу нысаны сүрілді

![Алматы орталығында көлік жуу нысаны сүрілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/3ba043465d67500b6beca26b59092733.jpeg)

**Алматының орталығында ірі коммерциялық нысан бұзылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Сот шешімі бойынша көлік жуу орны мен бірқатар коммерциялық нысан сүрілді. Бұл туралы қала құрылысын бақылау департаментінің қызметкерлері мәлімдеді.

Автокөлік жуу нысаны Қарасай батыр көшесінде, Әйтиев көшесінің қиылысында орналасқан.

> — Тексеріс нәтижесінде нысан заңсыз салынғаны анықталған кезде біз сотқа талап-арыз бердік, ол ішінара қанағаттандырылды. Кейін Алматы қалалық сотының шешімі бойынша талап арыздар толығымен қанағаттандырылды, — деді ведомство қызметкерлері.

Басқарма қызметкерлерінің мәліметінше, нысанды пайдалануға қабылдау актісін сот жарамсыз деп танып, оның Алматы қалалық Әділет департаментіндегі тіркеуінің күшін жойған.

Сот орындаушыларымен бірге нысанды бұзу басталып, бүгінде жұмыс толығымен аяқталды.

---

Жарияланды: 2021-02-02T17:06:20+06:00

Жаңартылды: 2021-02-02T17:06:20+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/02/almaty-ortalyghynda-koelik-zhww-nysany-suerildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.