---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/02/aleksej-navalnyj-zhazasyn-koloniyada-oetejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алексей Навальный жазасын колонияда өтейді

![Алексей Навальный жазасын колонияда өтейді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_77765.jpeg)

**Мәскеу қалалық соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Сот үкімі бойынша, «Ив Рошер» ісіне қатысты 3,5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу туралы жазаға ауыстырылды. ️Үй қамауында өткен жылды ескере отырып, Алексей Навальный енді колонияда 2,5 жылын өткізеді.

> «Сот Жазаны орындау федерал қызметінің ұсынысын қанағаттандырарлық деп санайды», — деді судья Наталья Репникова.

Еске салайық, Навальный 17 қаңтарда Германиядан оралғаннан кейін Шереметьевода ұсталған еді, онда ол уланғаннан кейін емделген. Осыдан кейін ол Химкидегі полиция бөліміне жеткізіліп, келесі күні сот 30 тәулікке қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдаған.

---

Жарияланды: 2021-02-02T17:49:14+06:00

Жаңартылды: 2021-02-02T17:49:14+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/02/aleksej-navalnyj-zhazasyn-koloniyada-oetejdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.