---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/01/toqaev-zhuergizwshilerding-quzhatsyz-zhuerwine-ruqsat-beretin-zanggha-qol-qojdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев жүргізушілердің құжатсыз жүруіне рұқсат беретін заңға қол қойды

![Тоқаев жүргізушілердің құжатсыз жүруіне рұқсат беретін заңға қол қойды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/2021020113224928569_2021020113123631571_2021012111035856785_.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жүргізушілерге жүргізуші куәлігін және техникалық төлқұжатын өзімен бірге алып жүрмеуге рұқсат беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап. **

> — Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Түзетулер жүргізушіні куәлігін немесе техникалық төлқұжатын үйде ұмытып кеткен жағдайда айыппұлдан босатады.

Яғни, қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатын алып жүрмеуге болады. Полиция қызметкерлері азаматтардың құжаттарын жеке куәлік арқылы өздерінің электрон деректер базасымен тексереді.

Бұл өзгеріс шетелдіктерге қатысты емес, олар бұрынғыша жүргізуші куәлігі мен төлқұжаттарын өзімен бірге алып жүруге міндетті.

---

Жарияланды: 2021-02-01T09:00:29+06:00

Жаңартылды: 2021-02-01T09:00:29+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/01/toqaev-zhuergizwshilerding-quzhatsyz-zhuerwine-ruqsat-beretin-zanggha-qol-qojdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.