---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/01/oralda-gazdan-wlanghan-58-zhastaghy-er-adam-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда газдан уланған 58 жастағы ер адам көз жұмды

![Оралда газдан уланған 58 жастағы ер адам көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/21236edf240a18a8fccd719b73ecfae6_l.jpg)

**Оралда газдан уланған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 31 қаңтар күні 1 саяжай ауданында «Елочка» саяжай қоғамдастығында болған.

Жедел жәрдем сағат 15:50-де шақырылды. 1963 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Газдан уланған 1995 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Жеңіл дәрежеде газдан уланған 1997 жылғы қыз ауруханаға жатудан бас тартты.

БҚО ТЖ департаменті болған оқиғаны растап, мән-жайы нақтыланып жатқанын жеткізді.

---

Жарияланды: 2021-01-31T19:47:52+06:00

Жаңартылды: 2021-01-31T19:47:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/01/oralda-gazdan-wlanghan-58-zhastaghy-er-adam-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.