---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/01/koelginov-sport-keshenderin-tiimdi-pajdalanwgha-shaqyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Көлгінов спорт кешендерін тиімді пайдалануға шақырды

![Көлгінов спорт кешендерін тиімді пайдалануға шақырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/201124105736112a3722269i.jpg)

**Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов спорт кешендерін тиімді пайдалану керегін айтты, деп хабарлайды** **Qazaqpress.**

Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында спорттық мекемелерді тек кәсіби ойындар үшін қолдануға болмайтынын, балалар да сол жерде жаттығуы керек екенін жазды.

> «Қала тұрғындарын спортқа бейімдеп, бұқаралық спортты дамыту үшін саябақтар, скверлер, аулалар, жаңа спорт кешендерін саламыз. Спорт кластері пайда болмақ. Спорт мекемелері тек кәсіби ойындар мен қойылымдарды өткізуге ғана емес, сонымен қатар балаларымызды жаттықтыруға да керек. Бұл жастарды ынталандырады. Өйткені, олар белгілі спортшылар жаттығатын кәсіби алаңда жаттығып, одан да көп тырыспақ», — деп жазды әкім.
> 
> 
> 
> 
> «Спортшылар үшін де, балалар үшін де жағдай жасау үшін бірқатар спорт нысандары жөнделді. «Астана Арена» стадионында өткізілген жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым», — деді Көлгінов.
> 
> 
> 
> 
> «Сонымен қатар, үрлемелі футбол корты жөнделді (Жирентаев көшесі, 15, Б, Алматы ауданы). Онда біз көптен бері жарамсыз болып қалған футбол алаңы мен манежді толығымен алмастырдық. Сондай-ақ, киім ауыстыратын бөлмелер мен ғимарат ағымдық жөндеуден өтті», — деп жазды өңір басшысы.

---

Жарияланды: 2021-02-01T07:15:36+06:00

Жаңартылды: 2021-02-01T07:15:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/01/koelginov-sport-keshenderin-tiimdi-pajdalanwgha-shaqyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.