---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/02/01/elorda-turghynyn-qonaqqa-kelgen-tanysy-tonap-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елорда тұрғынын қонаққа келген танысы тонап кетті

![Елорда тұрғынын қонаққа келген танысы тонап кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/210201214539a3747941d.jpg)

**Елорда тұрғынын қонаққа келген танысы тонап кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Елорда полициясы жедел іздеу іс-шарасы барысында бұрын сотталған 28 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасын ұстады.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ескі танысының үйіне қонаққа келіп, онымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Содан кейін ол үйден шығып бара жатып, зардап шегушінің жалпы құны 800 мың теңге тұратын «Iphone 11 Pro Max» телефоны мен сөмкесін ұрлап кеткен.

> «Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қылмысын мойындап, заттай айғақ тәркіленді. Оның бұған дейін елорда аумағында жасалған дәл осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті сақ болуға және құнды заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады», — деп атап өтеді ведомстводан.

---

Жарияланды: 2021-02-01T16:22:34+06:00

Жаңартылды: 2021-02-01T16:22:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/02/01/elorda-turghynyn-qonaqqa-kelgen-tanysy-tonap-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.