---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/31/taraz-turghyny-koloniyagha-tyjym-salynghan-zat-laqtyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тараз тұрғыны колонияға тыйым салынған зат лақтырды

![Тараз тұрғыны колонияға тыйым салынған зат лақтырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/7009e653-26af-42fc-aa9c-d1175bde17bf.jpeg)

**Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттың түзеу мекемесіне ену дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Мекеме қызметкерлері бейне-бақылау камералары арқылы А.Асқаров көшесі бойынан түрме қоршауын асырып, белгісіз затты лақтырып, қашпақ болған ер адамды ұстады. Заңды бұзған азамат қитұрқы әрекетін іске асырып, артынша ақ түсті «Сакура» маркалы велосипедіне мініп, ізін суытуға әрекеттенгенімен, оның бұл ойы жүзеге аспады. Мекеме қызметкерлері Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, ізін жасыруға ниеттенген заң бұзушыны қолға түсірді.

Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның Тараз қаласының 52 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдікті азамат төрт ораманы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанның үшін лақтырғанын айтты.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, заңды бұзған азамат қамауға алынды.

---

Жарияланды: 2021-01-30T20:52:16+06:00

Жаңартылды: 2021-01-30T20:52:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/31/taraz-turghyny-koloniyagha-tyjym-salynghan-zat-laqtyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.