---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/31/aqtoebede-vakcinalaw-aqpan-ajynyng-orta-tusynda-bastalady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде вакциналау ақпан айының орта тұсында басталады

![Ақтөбеде вакциналау ақпан айының орта тұсында басталады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/000026_1607068656_418625_big.jpg)

**Ақтөбе облысы бойынша 1 мың медицина қызметкері вакцина қабылдайды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қазір екпені жеткізу жұмысы пысықталып жатыр.

Ақтөбе облысында вакциналау жұмысына дайындық жүріп жатыр.

> «Қазір Ақтөбе облысы «жасыл» аймақта тұр. Ресейлік вакцина Ақтөбе облысына шамамен ақпан айының орта тұсында әкелінеді. Алдымен 1 мың медицина қызметкері қабылдайды. Қазір жеткізу жұмысына дайындық жүріп жатыр. Аудандарға да тасымалданады. Тоңазытқыш та дайындалады. Жоспар бойынша Ақтөбе қаласын алдымен қамтимыз», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 25 емдеу орнында вакцина салу ұйымдастырылады.

---

Жарияланды: 2021-01-31T13:19:43+06:00

Жаңартылды: 2021-01-31T13:19:43+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/31/aqtoebede-vakcinalaw-aqpan-ajynyng-orta-tusynda-bastalady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.