---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/30/bqo-da-bes-avtokoelik-soqtyghysyp-bir-adam-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БҚО-да бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

![БҚО-да бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210130143108590e.jpg)

**Батыс Қазақстан облысында бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты және екі адам зардап шекті, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін шамамен сағат 10.39-да Ақжайық ауданының Алғабас ауылы тұсында республикалық жол бойында болды.

Lada Granta, Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ-2114 және Chevrolet Aveo автокөліктері бір біріне соғылған. Соның салдарынан Lada Granta автокөлігінде отырған жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ түрлі жарақат алған үш адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері облыс аумағында 12 жол-көлік оқиғасынан 5 адам мерт болды.

БҚО полиция департаменті жол ережесін сақтау керектігін еске салады. Әсіресе, қолайсыз ауа райы кезінде аса сақ болу қажет.

---

Жарияланды: 2021-01-30T09:57:37+06:00

Жаңартылды: 2021-01-30T09:57:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/30/bqo-da-bes-avtokoelik-soqtyghysyp-bir-adam-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.