---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/30/bekshin-qalanyng-sary-ajmaqqa-oralwy-twraly-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда карантин жеңілдей ме? Бекшин қаланың «сары» аймаққа оралуы туралы айтты

![Алматыда карантин жеңілдей ме? Бекшин қаланың «сары» аймаққа оралуы туралы айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/ut1ym96h.png)

**Алматының коронавирус бойынша «сары» аймаққа оралуына байланысты карантин шектеулері жеңілдейді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейінгі қатаң шектеулер «қызыл» аймақ кезеңіне қабылданған. Алайда 30 қаңтарда қала «сарыға» ауысқаны белгілі болды.

> «Алматы «сары» аймаққа көшкен кезде жеңілдеулер болады. Бұл барлық тармаққа, соның ішінде коронавирус жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызуға қатысты. Симптомсыз науқастар үйде қалады, бірақ оқшаулау ережелері орындалуы тиіс. Ал ауырлығы орташа науқастар қолданыстағы қаулы бойынша ауруханаға жатқызылады», — деді Бекшин.

---

Жарияланды: 2021-01-30T09:38:30+06:00

Жаңартылды: 2021-01-30T09:39:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/30/bekshin-qalanyng-sary-ajmaqqa-oralwy-twraly-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.