---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/29/sq-farmaciya-isi-bojynsha-tek-bir-kuedikti-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «СҚ-Фармация» ісі бойынша тек бір күдікті бар

![«СҚ-Фармация» ісі бойынша тек бір күдікті бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_77586.jpeg)

**Антикоррупция қызметінің өкілі Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бірыңғай дистрибьюторы «СҚ-Фармацияға» қатысты қылмыстық істің мән-жайын айта алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz-****ке сілтеме жасап. **

> «СҚ-Фармация» бойынша іс аяталды, бүгінде таныстыру жұмыстары жүріп жатыр. Іспен танысу жұмыстары аяқталғаннан кейін ол айыптау қорытындысын бекіту үшін прокуратураға жолданады. Толыққанды мәлімет бере алмаймын…Күдікті бір адам ғана. Оның әрекеттерінің салдары денсаулық сақтау мекемелерінің қалыпты жұмысы бұзылып, дәрігерлер инфекция жұқтырды. Шарт бойынша 8 миллиард теңге», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Еске салайық, 2020 жылы тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Кейін Берік Шәріптің екі ай бойы қамауда болатыны белгілі болды.

---

Жарияланды: 2021-01-29T15:51:11+06:00

Жаңартылды: 2021-01-29T15:51:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/29/sq-farmaciya-isi-bojynsha-tek-bir-kuedikti-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.