---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/29/pavlodarda-er-adam-qonaq-uejdegi-lifti-shahtasyna-qulap-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодарда ер адам қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кетті

![Павлодарда ер адам қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/0c418e5b3f9da280209c63c3525acdc2.jpg)

**Павлодарда қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кеткен ер адамды құтқарушылар шығарып алды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Рavlodarnews.kz сайына сілтеме жасап.**

Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

> — Жабық бас сүйек-ми мен омыртқа жарақаты тіркелген. Кеуде қуысының екі жағы зақымданған. Компьютерлік томография жасалды. Медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Тиісті сараптамалар жүргізілуде, — дейді ведомствода.

«Сарыарқа» қонақ үйі әкімшісінің айтуынша, ер адам осы қонақ үйде тұратын төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.

---

Жарияланды: 2021-01-29T13:22:38+06:00

Жаңартылды: 2021-01-29T13:22:38+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/29/pavlodarda-er-adam-qonaq-uejdegi-lifti-shahtasyna-qulap-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.