---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/29/paeter-alwgha-koemekteswge-waede-etken-aqtawda-alayaq-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Пәтер алуға көмектесуге уәде еткен». Ақтауда алаяқ ұсталды

![«Пәтер алуға көмектесуге уәде еткен». Ақтауда алаяқ ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_77534.jpeg)

**Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері пәтер алаяғын ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап. **

Ақтау қаласының бірнеше тұрғыны полиция басқармасына алаяқ әйелге қатысты шара қабылдау туралы арызбен жүгінген.

Арызданушылардың айтуынша, 2020 жылғы 4 қазан — 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында алаяқ ипотекаға пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, олардың әрқайсынан түрлі сомада ақша алған. Алайда уәде етілген пәтерге қолдары жетпеген тұрғындар алаяқтың тұзағына түскендерін түсініп, полицияға шағымданған.

Тұрғындар алаяққа төрт миллион теңгеден аса сомаға алданғаны хабарланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 34 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Алаяқтық деректері бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-01-28T20:26:07+06:00

Жаңартылды: 2021-01-28T20:26:07+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/29/paeter-alwgha-koemekteswge-waede-etken-aqtawda-alayaq-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.