---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/28/serik-qozhaniyazov-ekologiya-geologiya-zhaene-tabighi-reswrstar-vice-ministri-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Серік Қожаниязов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды

![Серік Қожаниязов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2021012721140214081_ser-k-ozhaniyazov.jpg)

**ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Салаватұлы Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды,** **деп хабарлайды** **Qazaqpress  ҚР Премьер-Министрінің баспасөз****қызметіне  сілтеме жасап.**

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1989 жылы Кузбасс политехникалық институтын, 2002 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған.

Әр жылдары жеке секторда жұмыс істеген.

1999-2000 жылдары – Инвестиция тарту және қор нарығын дамыту орталығының директоры.

2001-2005 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2005-2007 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2007-2008 жылдары – Қызылорда қаласының әкімі.

2008-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.

2019 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

---

Жарияланды: 2021-01-28T06:56:39+06:00

Жаңартылды: 2021-01-28T06:56:39+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/28/serik-qozhaniyazov-ekologiya-geologiya-zhaene-tabighi-reswrstar-vice-ministri-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.