---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/27/nariman-tabynbaev-pen-zhandarbek-bekshin-qandaj-vakcina-saldyratynyn-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нариман Табынбаев пен Жандарбек Бекшин қандай вакцина салдыратынын айтты

![Нариман Табынбаев пен Жандарбек Бекшин қандай вакцина салдыратынын айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210127203411122a3746124i.jpg)

**Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қандай вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Нариман Табынбаев өзінің коронавирус жұқтырып, жазылып шыққанын жеткізді.

> «Мен жақында ауырып тұрдым. Таяуда антиденелерге титр тапсырдым. Талдау қорытындысы бойынша оның мөлшері жақсы. Біраз уақыт өткен соң тағы тапсырып көремін. Егер қажеттілік болса, ресейлік «Спутник У» вакцинасын салдырамын», — деді Нариман Табынбаев.

Ал Жандарбек Бекшин коронавируспен 7 ай бұрын ауырғанын айтты.

> «Көрсетілім бойынша 6 ай өткен болса, міндетті түрде екпе алу керек. Алайда вакцина өте аз, жеткіліксіз. Мен қазақстандық отандық вакцинаны QazCovid-In салдырамын деп отырмын. Себебі, мен үшін тұңғыш қазақстандық вакцинаның сапасы қызықтырады. Бұл вакцинаны 70 жылдық тарихы бар институт шығарып отыр. Сондықтан мен мамандарға сенемін», — деді Бекшин.

---

Жарияланды: 2021-01-27T16:15:10+06:00

Жаңартылды: 2021-01-27T16:15:10+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/27/nariman-tabynbaev-pen-zhandarbek-bekshin-qandaj-vakcina-saldyratynyn-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.