---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/27/eldi-shwlatqan-zang-zhobasyn-depwtattar-keri-qajtaryp-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды

![Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2021012715151841284_zorly-zombyly-za-zhobasy.jpg)

**Қазақстандық қоғамда қызу пікірталас тудырған «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова айтты.

Оның айтуынша, заң жобасын бастамашы депутаттар 22 қаңтарда кері қайтарып алған.

> *«Заң жобасының нормалары қоғамда қызу пікірталас тудырды. Барлық объективті ұсыныстарды, ескертулер мен мәлімдемелерді таразылай келе, аталған заң жобасын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданды. Мемлекет басшысы айтқандай: «Негізгі мақсат — әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау». Қазір біз заң жобасының жаңа мәтінімен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Нұрманбетова.*

Депутат заң жобасының жаңа мәтіні барлық мүдделі мамандарды, азаматтық сектор өкілдері мен тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, барлық талқылау алаңдарында міндетті түрде талқыланатынын атап өтті.

Сондай-ақ ол қамқоршылық органдарына балаларды «кез-келген себептермен» алуға мүмкіндік беретін нормаға да тоқтала кетті.

> *«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің қолданыстағы 82-бабында баланың өміріне немесе денсаулығына дереу қауіп төнген жағдайда қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органның құқығы бар деген нормалар қазірдің өзінде қарастырылған, баланы дереу ата-анасынан немесе бала бірге тұратын басқа адамдардан алуға құқық беретін. Сонымен қатар, сот шешім шығарғанға дейін бала қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорғауында болады деп еске салды ол.*

---

Жарияланды: 2021-01-27T10:39:42+06:00

Жаңартылды: 2021-01-27T10:39:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/27/eldi-shwlatqan-zang-zhobasyn-depwtattar-keri-qajtaryp-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.