---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/27/almatyda-esirtki-sawdasyna-qatysy-bar-247-sajt-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда есірткі саудасына қатысы бар 247 сайт анықталды

![Алматыда есірткі саудасына қатысы бар 247 сайт анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_77421.jpeg)

**Алматы қаласының полицейлері жыл басынан бері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттады, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.****kz****-ке сілтеме жасап. **

Жыл басынан бері жедел-іздестіру іс-шаралары мен есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің Интернетке мониторинг жүргізуі барысында есірткі және психотроптық заттарды тарату туралы ақпараты бар 247 сайт анықталды.

> «Сонымен қатар, өткен жылы синтетикалық есірткі шығаратын бес зертхана анықталып, жойылды. Барлығы есірткіні тікелей байланыссыз сатумен айналысқан бес күдіктінің қатысуымен екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Тұтастай алғанда, есірткінің заңсыз айналымы саласында 400-денаса адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды және ұзақ мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды», — деді  Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

---

Жарияланды: 2021-01-27T07:22:05+06:00

Жаңартылды: 2021-01-27T07:22:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/27/almatyda-esirtki-sawdasyna-qatysy-bar-247-sajt-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.