---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/26/endi-avtokoelikti-onlajn-rezhimde-kaspi-kz-arqyly-qajta-tirkewge-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Енді автокөлікті онлайн режимде Kaspi.kz арқылы қайта тіркеуге болады

![Енді автокөлікті онлайн режимде Kaspi.kz арқылы қайта тіркеуге болады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/whatsapp-image-2021-01-25-at-221133-1.jpeg)

**2021 жылғы 25 қаңтарда Astana Hub алаңында Қ****азақстан ****Р****еспубликасының**** Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (ҚР ЦДИАӨМ) мен Қ****азақстан ****Р****еспубликасының****Ішкі істер министрі (ҚР ІІМ) Ерлан Тұрғымбаевтың бірлескен кеңесі өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Кеңес барысында Бағдат Мусин мен Ерлан Тұрғымбаев цифрландыру саласындағы бірлескен жобалар мен алдағы жұмыс жоспарларын талқылады.

Сондай-ақ, ҚР ЦДИАӨМ ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында көлік құралдарын қайта тіркеу сервисі таныстырылды.

Бұрын автокөлікті тек мамандандырылған ХҚКО-да немесе eGov.kz порталда тіркеуге болатын. Енді, мемлекеттік қызмет Kaspi.kz қосымшада онлайн қолжетімді. Көлікті тіркеу мүмкіндігі басқа мобильді қосымшаларда пайда болады.

> «Енді, сатушы автомобильді қосымшадағы есептен шығарғанда, сервис көлік құралына ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектеріне автоматты түрде тексеру жүргізеді. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшін ақша аударады, баж салығын төлейді, автокөлікті есепке қояды және мемлекеттік нөмірлік белгіні онлайн таңдайды», – деп түсіндірді ҚР ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин.
> 
> 
> 
> 
> «Жаңа сервисті пайдалана отырып, автокөлікті сатып алушы мен сатушы мемлекеттік органдарға жүгінбей, бұл ресімдерден өз бетінше өте алады. Онлайн мәміле аяқталғаннан кейін құжаттарды және мемлекеттік нөмірлік белгіні «Электрондық үкімет» порталындағы үйге жеткізуге тапсырыс беруге немесе оларды мамандандырылған ХҚКО — да өз бетінше алып кетуге болады», — деп толықтырды ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

---

Жарияланды: 2021-01-26T09:09:26+06:00

Жаңартылды: 2021-01-26T09:11:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/26/endi-avtokoelikti-onlajn-rezhimde-kaspi-kz-arqyly-qajta-tirkewge-bolady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.