Димаш Құдайберген фанаттарымен тікелей эфирде кездеспек

Димаш Құдайберген фанаттарымен тікелей эфирде кездеспек

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерге тікелей эфирде кездесу өткізуге уәде берді, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Сәлем, Dears! Менің алғашқы онлайн-концертімді көргендеріңіз үшін рақмет! Мен және менің командам бұл кешті өте жақсы өткізді. Мен сіздермен 31 қаңтардағы онлайн-концерт эфирінен кейін болатын тікелей эфирде кездесуді асыға күтетінімді айтқым келеді. Менің сіздерге айтарым бар! Мен сіздерді жақсы көремін! Рақмет!», — деп жазды Димаш Instagram-парақшасында.