---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/26/atyrawda-mejramhana-aldynda-toebelesken-aejelder-sotta-zhawap-beredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда мейрамхана алдында төбелескен әйелдер сотта жауап береді

![Атырауда мейрамхана алдында төбелескен әйелдер сотта жауап береді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210125183513102a3745063i.jpg)

**Атырауда мейрамханадан шыққан үш мас әйел төбелес шығарған, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Айта кетсек, оқиға 23 қаңтарда түнгі сағат 03:29 шамасында болған.

> «Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде орналасқан «Vivaldi» мейрамханасы алдында 32, 33 және 28 жастағы үш әйел өзара келісе алмай төбелес шығарған. Олар сол күні «Vivaldi» мейрамханасында көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды наркологиялық сараптамадан өткізді. Сараптама нәтижесінде үш әйелдің жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

---

Жарияланды: 2021-01-26T05:58:37+06:00

Жаңартылды: 2021-01-26T05:58:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/26/atyrawda-mejramhana-aldynda-toebelesken-aejelder-sotta-zhawap-beredi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.