«Қалай болса да алу»: Димаштың «Golden» бейнебаянының тизері шықты
DimashAli шығармашылық орталығы Димаш Құайбергеннің Golden әнінің бейнебаянына тизер жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Әншінің Golden композициясына арналған бейнебаяны көрермендерге шығармашылық жолында бұрын-соңды болмаған мүлдем жаңа және ерекше форматта ұсынылады.
— Шығармашылықтың шекарасы болмауы керек. Біз әртіс болғандықтан, әрдайым таңдандыруымыз қажет. Өйткені бұл – біздің мамандығымыз, – деді Димаш жаңа бейнебаян туралы.
Golden музыкалық бейнебаянының премьерасы жақында болады.