---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/23/zhambyl-oblysynda-departament-basshysy-alayaqtyq-bojynsha-tergelip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр

![Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210116122947936e.jpg)

**Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр****, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа** **сілтеме жасап.**

Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

> «Ол қарамағындағы қызметкерден оны департамент бастығының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдем көрсету үшін алынған 2 млн теңге сомасындағы параны лауазымды тұлғаларға беруге итермелеу және алаяқтық күдігі бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы тергелуде. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа берілді», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

---

Жарияланды: 2021-01-22T19:13:46+06:00

Жаңартылды: 2021-01-22T19:13:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/23/zhambyl-oblysynda-departament-basshysy-alayaqtyq-bojynsha-tergelip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.