---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/23/almaty-prokwratwrasy-modwldik-awrwhana-isinde-aezirge-kuediktiler-zhoq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы прокуратурасы: Модульдік аурухана ісінде әзірге күдіктілер жоқ

![Алматы прокуратурасы: Модульдік аурухана ісінде әзірге күдіктілер жоқ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_77275.jpeg)

**Алматы прокуратурасы жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқыру ісі бойынша кейбір ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Қадағалау органының мәліметінше, биыл 16 қаңтарда Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Іс Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, яғни модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салуға бөлінген «аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру» бойынша тергеліп жатыр.

> «Соталды тергеуді тіркеуге Алматы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қорытындысы негіз болды. Ол 2020 жылдың 21 желтоқсанында жасалды. Қылмыстық іс бойынша адамдар күдікті деп танылмады және ұсталмады. Қазіргі уақытта тергеу органы жоспарланған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Қорытындының тұжырымдары мен өзге де ақпарат жарияланбайды», — делінген Алматы қаласы прокурорының орынбасары Сәкен Ермекбаевтың қолы қойылған жауапта.

Бұған дейін Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізілетінін хабарлаған болатын.

#

---

Жарияланды: 2021-01-23T16:21:25+06:00

Жаңартылды: 2021-01-23T16:21:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/23/almaty-prokwratwrasy-modwldik-awrwhana-isinde-aezirge-kuediktiler-zhoq/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.