---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/22/oerken-bisaqaev-qr-maedeniet-zhaene-sport-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өркен Бисақаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

![Өркен Бисақаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/bisakaev_1.jpg)

**Өркен Бисақаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Үкімет сайтына сілтеме жасап.**

ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев берген өтінішіне сәйкес ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды. Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің құрылымында жұмыс істеген. 2019 жылғы мамырдан қыркүйек айына дейін Kazakh Tourism ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мМәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2021-01-22T03:52:27+06:00

Жаңартылды: 2021-01-22T03:52:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/22/oerken-bisaqaev-qr-maedeniet-zhaene-sport-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.